КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

Университетімізде кәсіпкерлік саласын қолдау мен дамытуға бағытталған дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жиынның мақсаты — кәсіпкерлерді ғылым мен біліммен ұштастыру, университеттің зертханалық мүмкіндіктерін қолдану арқылы оларды заманауи біліммен қамтамасыз ету және қысқа мерзімді оқу курстары аясында кәсіптік құзыреттілікті арттыру.

Жиында университет базасында өткізілетін қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары мен практикалық зертханалық сабақтар арқылы кәсіпкерлікке серпін беру жолдары талқыланды.

Жиын соңында тараптар білім мен бизнесті ұштастыру арқылы өңірлік экономиканың дамуына үлес қосатын нақты ұсыныстар мен бастамаларды талқылап, ортақ ынтымақтастыққа келісті.

Прочитано 46 раз
Top