М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төреғасы Руслан Шарипов пен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиал директоры Мәлік Асанов өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы үш жақты меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты – жастарды мемлекеттік қызметке дайындау, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру арқылы тәжірибе алмасу және кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру.
Келісім шеңберінде «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасын іске асыру, еріктілер қозғалысын дамыту, бірлескен семинарлар мен конференциялар өткізу, тәжірибе базаларын ұсыну және оқу процесіне мемлекеттік органдардың өкілдерін тарту бойынша өзара тиімді ынтымақтастық жасалды.
Кездесу соңында алдағы жоспарлар легіне жан-жақты талдау жасалып, еліміздің білім саласындағы даму жолында қарқынды жұмыстардың жалғасын табатындығымен қорытындыланды. Қонақтарымыз университет басшылығына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенімдерін білдірді.