ДИССЕРТАЦИЯ СӘТТІ ҚОРҒАЛДЫ

«Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» КеАҚ жанында құрылған «8D05301 – Химия» және «8D01503 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңесте Назгуль Мурзакасымова диссертациясын сәтті қорғады.

Диссертациялық жұмыстың тақырыбы: «Сульфокөмір және модификацияланған аниониттер көмегімен суды ауыр металл иондарынан сорбциялық тазалау».

Диссертациялық жұмыстың ғылыми кеңесшілері:

  • Бектенов Несипхан Абжапарович - химия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия кафедрасының профессоры.
  • Гавриленко Михаил Алексеевич – химия ғылымдарының докторы, "Томск политехникалық Ұлттық зерттеу университеті" Федералды мемлекеттік автономды жоғары оқу орны, табиғи ресурстар Инженерлік мектебінің химиялық инженерия бөлімінің профессоры, Томск қаласы, Ресей Федерациясы.

Назгуль ханымды құттықтаймыз!Алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа жетістіктер, сәттілік және шығармашылық шабыт тілейміз!

диссер1111

диссер2222

 

Прочитано 56 раз
Top