МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Университет қабырғасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, бітіруші курс студенттеріне арналған ақпараттық кездесу өтті.

Шараны Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова алғы сөз айтып, жас түлектер үшін мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа мүмкіндіктерді атап өтті.

Кездесудің басты тақырыбы – «Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға түлектерді конкурссыз тағайындау мүмкіндігі туралы» болды.

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, GPA 3.33 және одан жоғары көрсеткішке ие, мемлекеттік грант негізінде білім алған түлектер жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін 1 жыл ішінде конкурссыз тағайындалуға үміткер бола алады.

Кездесуге спикер ретінде:

– ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Руслан Шамелович,

– Байзақ ауданы әкімдігінің аппаратынан – Гүлнұр Қондыбайқызы мен Дильназ Серғалиқызы қатысып, мемлекеттік қызметтегі тәжірибелерімен бөлісті.

Презентация барысында конкурссыз қабылдау тәртібі, заңнамалық негіз, талаптар және мансаптық даму жолдары нақты мысалдармен түсіндірілді. Шара соңында студенттермен ашық сұрақ-жауап өткізіліп, естелік фотоға суретке түсті. Мемлекеттік қызметке алғашқы қадам жасағысы келетін түлектер үшін бұл кездесу нақты бағыт-бағдар берді.

мемл1111

мемл2222

мемл333

мемл4444

мемл555

мемл666

мемл777

 

Прочитано 31 раз
Top