- Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары арасындағы ХІІІ жазғы Универсиада бағдарламасы аясында өткен каратэ-до жарысынан Дулати университетінің құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жекелей сындарда:
І орын
• Савидова Асылай
• Әбдіқадыр Мирас
ІІ орын
• Сәттұрсын Нұрхат
• Батырхан Алуа
• Мырзағали Арафат
ІІІ орын
• Щорсов Аблайхан
• Жақып Нұрдаулет
Сонымен қатар, жалпы командалық есепте Дулати университетінің ұлдар құрамасы ІІ орынды, ал қыздар құрамасы ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, болашақта да биік белестерді бағындырып, еліміздің атын халықаралық додаларда да асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!