НЕБРАСКА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан – АҚШ университеттері консорциумы аясында Дулати университетінде University of Nebraska–Lincoln (UNL) өкілдерімен ресми кездесу өтті. Бағдарлама АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен және IIE – Steppe Global Education Foundation ұйымының үйлестіруімен жүзеге асты.

Кездесудің мақсаты – академиялық серіктестікті нығайту арқылы бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды жүзеге асыру. Сонымен қатар, зерттеу әдістемелері мен оқытушылық тәжірибе алмасу нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықты дамыту.

Кездесуге Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, Басқарма Мүшесі –ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Арман Кабдушев, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Маржан Калмаханова, Nebraska Water Sciences Laboratory (WSL) директоры, UNL профессор Дэниел Сноу және су ресурстары жөніндегі маман, UNL Салех Тагвайян қатысты.

Кездесу барысында тараптар мынадай мәселелерге басымдық берді:

  • • Ортақ ғылыми зерттеулер мен зертханалық жобаларды ұйымдастыру;
  • • Оқытушылар мен студенттерге арналған академиялық алмасу бағдарламалары;
  • • Бірлескен оқу бағдарламалары, халықаралық семинарлар мен жазғы мектептер өткізу;
  • • Participatory Science (қоғаммен бірлескен ғылым) әдісін қолдану арқылы ғылым мен қоғам байланысын күшейту талқыланды.

Кездесуде қызығушылық тудырған жобалардың бірі – Nebraska Extension бағдарламасы. Бұл – қауымдастықпен тікелей жұмыс істеуге бағытталған тәжірибелік білім беру моделі. Сонымен қатар, Know Your Well жобасы – мектеп оқушылары мен жергілікті тұрғындарды су сапасын бақылау жұмыстарына тарту арқылы экологиялық білімді арттыруда табысты үлгі ретінде ұсынылды.Тараптар су ресурстарын тұрақты басқару, экологиялық қауіпсіздік, климаттың өзгеруіне бейімделу және агроөнеркәсіп және тұрақты ауыл шаруашылығының бағыттары бойынша қызығушылық танытты.

Кездесу нәтижесінде бірлескен ғылыми жарияланымдар, пилоттық жобалар мен алмасу бағдарламаларын іске асыру жөнінде өзара келісім жасалып, халықаралық ынтымақтастықты нақты қадамдармен нығайту көзделді. Қонақтар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

акш11111

акш2222

акш3333

акш44444

 

Прочитано 283 раз
Top