ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында «Қазақстан мен АҚШ арасындағы су ресурстарын басқарудағы инновациялық шешімдер: академиялық, ғылыми және коммерциялық тәсілдер» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды.

Семинар ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан қаржыландырылатын BR24992867 ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында өтті.

Бағдарламаның мақсаты – Қазақстанда су секторында және қайта өңдеу өнеркәсібінде ресурсты үнемдейтін технологияларды әзірлеу арқылы тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыру және осы бағытта инновациялық инженерлік орталық құру.

Семинарды Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова құттықтау сөзбен ашып, су саласындағы ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Жобаның халықаралық сипатына ерекше назар аударып, қазіргі таңда су ресурстарын тиімді әрі ұтымды басқару - жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін жеткізді.

Басқарма Мүшесі –ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев сөз алып,еліміздің су ресурстарын басқарудағы жаңа ғылыми бағыттар мен технологияларды қарқынды дамыту жайлы сөз қозғады.

Семинар барысында шетелдік ғалымдар тағылымды баяңдамаларын ұсынды. Небраска университеті жанындағы Water Sciences Laboratory директоры профессор Дэниел Сноу «Know Your Well» бағдарламасы арқылы жастардың су сапасын зерттеуге тартылуы жайлы сөз қозғады. Небраска университетінің доценті Салех Тагваеян Небраска штатындағы су ресурстарын басқарудағы университеттің зерттеу, білім беру және тәжірибеге енгізу рөлі туралы айтты. Қазақстан-Британ техникалық университетінің PhD докторы Жанай Сағин кәсіби колледждер арасындағы халықаралық ынтымақтастық жобалары туралы, соның ішінде АҚШ, Канада, Словакия, Германия және Қазақстан елдері арасындағы тәжірибемен бөлісті. «Eurasia Group Kazakhstan LLP» компаниясының ирригация бағытының жетекшісі Анна Палто елімізде жүзеге асырылып жатқан ирригациялық жобалардың нақты мысалдарын келтірді. Ядролық физика институтының үдеткіштер бөлімі басшысының орынбасары Игорь Данько электронды үдеткіштер негізінде қолданылатын радиациялық технологиялардың су ресурстарын ұтымды пайдаланудағы мүмкіндіктерге тоқталды.

Семинар соңында өзекті мәселелер бойынша қатысушылар еркін форматта пікір алмасты. Қонақтар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

сем1111

сем22222

сем33333

сем44444

 

Прочитано 46 раз
Top