ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұмановтың қатысуымен халықаралық сарапшылармен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесу өтті.

Кездесуге Nebraska Water Sciences Laboratory директоры профессор Дэниел Сноу, Небраска университетінің ирригация және су ресурстары жөніндегі маманы,доцент Салех Тагвайян, Eurasia Group Kazakhstan компаниясының ирригация бөлімінің басшысы Анна Палто қатысты.

Кездесу барысында тараптар су ресурстарын тұрақты басқару, агротехнологиялар, азаматтық ғылым (Participatory Science), ғылыми зерттеулер және білім беру салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Дулати университеті АҚШ университеттерімен бірлесіп, экологиялық ғылымды дамыту мен практикалық шешімдер енгізуге бағытталған халықаралық жобалар аясында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Университет бірнеше ірі бастамаларда үйлестіруші ретінде әрекет етеді.

Ынтымақтастық аясында Дулати университетінің профессор-оқытушылар құрамы және Қазақстанның басқа жоғары оқу орындарының өкілдері үшін арнайы воркшоп ұйымдастырылды. Небраска университетінің мамандары Extension (университет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу жүйесі) тәжірибесімен бөлісіп, жастар мен жергілікті қауымдастықтарды экологиялық бақылау және тұрақты даму процестеріне тартудың сәтті үлгілерін ұсынды.

Тараптар бірлескен жұмыс арқылы қолданбалы ғылымды дамытуға, халықаралық академиялық әріптестікті нығайтуға және өңірлерде ғылыми мәдениетті арттыруға елеулі үлес қосады. Қонақтар университет басшылығына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

ректор11111

ректор2222

ректор33333

 

Прочитано 29 раз
Top