Университет қабырғасында Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Қазбекұлы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасындағы XIII жазғы Универсиадада топ жарған спортшылар мен жаттықтырушыларға марапаттарын табыстады.
Биылғы Универсиадаға еліміздің 79 жоғары оқу орнынан командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыс спорттың 17 түрінен ұйымдастырылды. Дулати университетінің студенттері 14 спорт түрінен 15 алтын, 12 күміс және 31 қола, жалпы саны 58 медаль иеленіп, командалық есепте бесінші орынға тұрақтады.
Жеңісті нәтижелер:
• Каратэ-до: ерлер – ІІ орын, әйелдер – ІІІ орын
Жаттықтырушылар: Айгүль Таймағанбетова, Ерік Махамбетов
(2 алтын, 3 күміс, 2 қола)
• Қазақ күресі: әйелдер – ІІІ орын
Жаттықтырушы: Адилет Бубеев
(1 алтын, 1 күміс, 3 қола)
• Еркін күрес: ерлер – ІІІ орын
(2 алтын, 1 күміс, 2 қола)
• Грек-рим күресі: ерлер – ІІІ орын
Жаттықтырушы: Ербол Тельбаев
(1 алтын, 3 қола)
• Футзал: құрама командасы – І орын алып, чемпион атанды.
Жаттықтырушы: Жамбыл Бекназаров
• Дзюдо
Жаттықтырушы: Адилет Бубеев
(1 күміс, 3 қола)
• Бокс
Жаттықтырушылар: Жомарт Ақүрпеков, Нұржан Темірбай
(2 алтын, 2 күміс, 2 қола)
• Таэквондо: әйелдер – І орын, ерлер – ІІІ орын
Жаттықтырушы: Ерік Махамбетов
(8 алтын, 1 күміс, 6 қола)
• Жүзу
Жаттықтырушы: Дастан Джылысбаев
(5 күміс, 4 қола)
Айрықша көзге түскендер:
• Михаил Царёв
• Ирада Баймерекова
• Екатерина Чащухина
Үздік спортшылар қатарында:
• Максим Ан – екі дүркін 1-орын
• Алихан Ысқақ – 2 және 3 орын
Сонымен қатар, Студенттік спорт лигасы аясында «Оңтүстік» дивизионда Дулати университетінің волейбол қыздар командасы 1 орынды иеленді.
Мұхтар Қазбекұлы марапат иелерін шын жүректен құттықтап, дүбірлі додада жеткен жетістіктері университет мақтанышы екенін атап өтті. Сондай-ақ, спорт жолындағы табандылықтары мен талпыныстары жемісті болуына тілектес екенін білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.