Гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары

2025-2027 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті ұйымдастырған 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпаздары қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің қос педагогы бар:

Бекбасаров Исабай Исақұлы – «Ә.С. Ахметов атындағы Наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, академик. «Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар» бағыты бойынша жеңімпаз атанған ғылыми жобаның тақырыбы: «Штампталған траншеяларда ростверктері бар таспалы қадалы іргетастар орнату жұмыстарын жүргізу технологиясын әзірлеу» (AP26197175).

Керимбаева Рысты Калдыхановна «Әлеуметтік психология» кафедрасының профессоры, Ғылыми жобаның тақырыбы AP26104365-«Мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті ортаға ойын арқылы бейімдеудің әлеуметтік-педагогикалық шарттары».

Жобаның өзектілігі- мектепке дейінгі ерекше білім беруді қажет ететін балаларды инклюзивті ортаға бейімдеуге арналған ойын ресурстарын әзірлеу, оны оқыту үрдісіне ендіру, өнімдерге патенттер алу, коммерцияландыруға даярлау. Жоба өте жоғары балмен бағаланып, 90 миллион грантты иеленді.

Ғалымдарымызды жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жетістіктер мен жобаларын жүзеге асыруда табыс тілейміз!

грант рус1111

 

 

Прочитано 51 раз
Top