ЖАҢА ЗЕРТХАНАЛАР – ҒЫЛЫМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ!

Елімізде ғылымды қолдау бағытында бірқатар ілкімді істер атқарылуда. Ғылымды дамытуда ғылыми зертханалардың маңызы өте зор. Қазіргі таңда өңіріміздегі жоғары оқу орындарының ғылыми зертханаларының материалдық-техникалық базасы жаңғыртылып, заманауи қондырғылармен толықтырылып келеді.

Дулати университетінде орналасқан зертханалардың жұмысымен танысуға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Бекболат Серікбекұлы Орынбеков пен Сәкен Қаланұлы Арубаев келді.

Сенаторларды оқу орындарындағы зертханалармен М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Мұхтар Қазбекұлы Байжұманов және Дулати университетінің директорлар кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков таныстырды.

​Сапар барысында сенаторлар алдымен Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз филиалының жаңа зертханаларын көрді. Олар ғылыми зерттеулердің заманауи жабдықтармен жүргізіліп жатқанын бақылап, оқу және ғылыми инфрақұрылымды жоғары бағалады.

Айта кету керек, елімізде алдыңғы қатарлы шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында, облыс экономикасы химия өнеркәсібіне негізделгендіктен соған сай тау-кен өңдеу саласына жоғары білімді кадрларды даярлау, химия өнеркәсібін кадрлармен қамтамасыз ету үшін өткен жылы Д. И. Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетінің Тараз филиалы болашақ мамандарға есігін айқара ашқан болатын. Филиалға қажетті «аналитикалық химия», «органикалық химия», «физика» және «тіршілік қауіпсіздігі» бойынша зертханалар орнатылған. ​

Сонымен қатар, депутаттар өңірдегі беделді жоғары оқу орыны М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде болып, университет ғалымдарының ғылыми жобаларымен де танысты. Жастардың ғылыми жобаларын қолдау және инновациялық технологияларды енгізу мәселелерін талқылады. Мамандардың айтуынша бүгінде аймақта ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Алдағы уақытта зертханалардың материалдық-техникалық базасы одан әрі жаңғыртылып аккредитациядан өтпек.

​- «Зерттеуге арналған арнайы қондырғылар болмаса, зертхананың маңызы болмайды. Біз барлық зертханаларды халықаралық аккредитациядан өткізейін деп отырмыз. Онда әрбір қондырғылар мен приборлардың жасалынған уақыты, оның жұмыс істеу қабілеттері зерделеніп, ол қондырғыларда жұмыс істей алатын мамандардың барлығы да аттестациядан өткізетін боламыз», - дейді Дулати университетінің директорлар кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Бақтыбай Әшімбекұлы Қасымбеков.

Сенаторлар университет қабырғасында ғалымдардың жүзеге асырып жатқан жобаларына ерекше тоқталып, оларды әрмен қарай қолдайтындықтарын жеткізді.

глав11111

глав2222

глав3333

 

Прочитано 28 раз
Top