ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ҒЫЛЫМ МЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Университет қабырғасында ғылымды қолдау мен дамытуға арналған маңызды кездесу өтті. Кездесуге Дулати университетінің директорлар кеңесінің төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Бақтыбай Қасымбеков, Басқарма Төрағасы-Ректор Мұхтар Байжұманов, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, жетекші ғалымдар, жас зерттеушілер және ардагер ұстаздар қатысты.

Кездесу барысында ғылым саласындағы мемлекеттік қолдау тетіктері, университет ғалымдарының зерттеу бағыттары, жас ғалымдарға арналған ғылыми жобалар мен инновациялық идеяларды қолдау жолдары жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ, тиімді жобаларды таңдау критерийлері, олардың қоғамға қосар үлесі, ғылыми нәтижелерді практикалық қолдану мүмкіндіктері, жас ғалымдардың кәсіби өсуі мен тәжірибесін арттыру бағытындағы шаралар басты назарға алынды. Ғалымдар инновациялық зерттеулерді дамыту жолдарын, ғылыми жобаларды жүзеге асырудағы кедергілерді және жаңа мүмкіндіктерді талқылады.

Академик Бақтыбай Әшімбекұлы ардагер ұстаздармен кездесіп, университеттің ғылыми дәстүрін сақтау және жаңа зерттеулерді дамыту мәселелеріндегі ұсыныстарын тыңдады. Ардагерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, ғылыми зерттеулерде кездескен қиындықтар мен оларды шешу жолдары туралы айтты. Сондай-ақ, жас ғалымдардың кәсіби дамуына, ғылыми жобаларды тиімді жүзеге асыруға қатысты маңызды кеңестерін жеткізді.

Кездесу соңында қатысушылар өз ұсыныстарын ортаға салып, сұрақтар қойып, еркін форматта пікір алмасты. Бақтыбай Әшімбекұлы қойылған сауалдарға жауап бере отырып, университет ғалымдарының өңірдегі ғылыми мәселелерді шешуде белсенділік танытуы керектігін атап өтті. Сондай-ақ, Дулати университетінің ғылым саласындағы жетістіктері болашақта отандық ғылымның мақтанышына айналатынына сенім білдірді.

Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, ғылым мен білімнің дамуына жаңа серпін беретін идеяларымен бөлісті.

гыл111

гыл222

гыл3333

гыл4444

гыл555

гыл666

 

Прочитано 45 раз
Top