ІІІ ТҮРКІ УНИВЕРСИАДАСЫНДА ДУЛАТИ СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ!

Қырғызстан Республикасының Чолпан-Ата қаласында ІІІ Түркі универсиадасы өз мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің спортшылары дзюдо мен футзал сайыстарына қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.

Дзюдо жарысында 81 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әділет Ахметғали қарсыластарына дес бермей, чемпион атанды. Футзалдан Дулати университетінің құрама командасы үздіктер қатарынан көрініп, жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді. Сондай-ақ, команда ойыншысы Құдайберді Наркулов 9 гол соғып, турнирдің үздік сұрмергені атанды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан студенттер құрамасы 8 алтын, 4 күміс, 11 қола медальмен екінші орынға тұрақтады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Биік шыңдарды бағындырып, Қазақстанның абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!

спорт1111

спорт2222

спорт3333

спорт4444

 

Прочитано 81 раз
Top