Ливерпульдегі әлем чемпионатының соңғы жекпе-жегінде Қазақстан бокс құрамасының капитаны Айбек Оралбай қоржынға жетінші алтынды салып, Қазақстанды жүлде қоры бойынша бірінші орынға шығарды. Бәсекеге толы болған тартысты жарыста Айбек Олимпиада жүлдегері атанып, университеттің беделін арттырған кәсіби деңгейдегі спортшы.
Айбек Оралбай 90 келіден жоғары салмақта өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді. Спорттағы жетістіктер – ел мерейін өсіретін, азаматтық намыс пен жігерін шыңдап, даңқын арттыратын тынымсыз еңбек пен төккен тердің жемісі.
Сізге зор денсаулық, қажымас қуат, жаңа жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!