2025 жылдың 10–23 қыркүйек аралығында Болгарияның Албена қаласында қол күресінен (армрестлингтен) әлем чемпионаты өтті. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген мықтылардың басын қосқан айтулы додада жамбылдық спортшы, еліміздің мақтанышы Джаналиева Раушан топ жарып, ересектер арасында алтын медаль иегері атанды. Осы жеңісімен Джаналиева Раушан спорттық мансабындағы кезекті жетістігін тіркеп, 4 дүркін әлем чемпионы деген мәртебелі атаққа ие болды.
Жарыс барысында ол қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, өзінің тәжірибесі мен қайсарлығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Қазақстандық спортшының бұл жеңісі ел абыройын асқақтатып қана қоймай, жас спортшыларға үлгі болары сөзсіз. Құттықтаймыз!