Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасы аясында 10–20 қазан аралығында республикалық қаржылық қауіпсіздік диктанты өтетінін жариялайды.
Мақсаты: Азаматтарды қаржылық қауіпсіздікке үйрету, алаяқтықтан сақтандыру және цифрлық сауаттылықты арттыру.
Кімдер қатыса алады?
• Оқушылар (7–11 сынып)
• Студенттер (колледждер мен ЖОО)
• Жұмыс істейтін азаматтар
• Зейнеткерлер
• Мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері
• Қаржылық мониторинг субъектілері
Формат: Онлайн https://amlacademy.kz/finiq
Сұрақтар 3 деңгей бойынша дайындалған: оқушыларға, ересектерге және қаржылық сектор қызметкерлеріне.
Жүлделер: Әр өңір бойынша алғашқы 10 жеңімпаз (90+ балл жинағандар) сыйлықтармен марапатталады.
Ұйымдастырушылар: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және «Қазақстан халық банкі» АҚ. Қаржылық сауаттылықты бірге арттырайық! Диктантқа қатысып, бағыңды сына!