Университет қабырғасында Ұстаздар күніне арналған «Ұстазым – ұлы тұлғам» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Мерекелік жиынды Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор м.а. Аслан Тұрлыбек құттықтау сөзбен ашып, ұстаздардың қоғамдағы орны мен еңбегінің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ұстаздарға жылы лебіздер мен алғыс сөздер арналып, 50-ден астам куратор арнайы марапаттарға ие болды.
Кеш барысында концерттік бағдарламада ұйымдастырылып, студенттік ансамбльдер мен өнерпаздар ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында ұстаздар мерекелік құрметті сезініп, қуаныш пен ризашылыққа бөленіп, алғыстарын білдірді.