ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақтың ұлы ағартушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің рухани мұрасын дәріптеу мақсатында «Сәкен мұрасы» республикалық пікірсайыс турнирі өтеді. Бұл дүбірлі дода жастардың ой еркіндігін, шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін дамытуға арналған маңызды алаң болмақ.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік пікірсайысшылар қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, жаңа идеяларын ортаға салады. Жастардың рухани жаңғыруына, ұлттық құндылықтарды сақтауға және интеллектуалды мәдениетті қалыптастыруға үлес қосатын бұл шара еліміздің жас буыны үшін үлкен тәжірибе алаңы болмақ.

Айта кету керек, пікірсайыс додасы білім ордасы ретінде танылған Dulaty University қабырғасында өтеді. Университеттің ғылым мен білімге, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған бастамаларды қолдауы – жастардың интеллектуалды дамуына айрықша мүмкіндік береді. «Сәкен мұрасы» турнирінің Тараз төрінде, Дулати университетінде ұйымдастырылуы да кездейсоқ емес: бұл – оқу орнының білім мен парасатты дәріптеудегі жетекші рөлін айқындайды.

Жүлде қоры – 560 000 ₸

Өтетін күні:18-19 қазан

«Сәкен мұрасы» – білім мен парасаттың, ой мен сөздің мерекесі.

Прочитано 36 раз
Top