Университет қабырғасында Жастармен жұмыс бөлімінің жиналысы өтті. Кездесуге Әлеуметтік жұмыс басқармасының басшысы Арнат Ұлтанбаев, Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Дәурен Мамыш, университеттің түрлі ұйым жетекшілері, жастар ісі жөніндегі мамандар мен бөлім қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында 2025–2026 оқу жылына арналған жоспарлар, студенттік ұйымдардың белсенділігі мен даму көрсеткіштері, алдағы іс-шаралар мен бастамалар қаралды. Сонымен қатар, студенттермен жұмысты жүйелеу, олардың университет өміріне белсенді қатысуын арттыру, жаңа жобаларды іске қосу және әлеуметтік бағыттағы бағдарламаларға тарту мәселелері талқыланды. Қатысушылар студенттік кеңістікті мазмұнды әрі пайдалы бағытта дамыту жөнінде пікір алмасып, ұсыныстарын ортаға салды.
Жиын соңында студенттердің идеяларын іске асыру және шығармашылық бастамаларын дамыту алдағы оқу жылының басым бағыттары екені атап өтілді.