ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

2025 жылдың 22 қыркүйегінен 3 қазан аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті мен Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп, кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсетуге бағытталған шаралар ұйымдастырды.

Шараның мақсаты – кәсіпкер әйелдердің бизнес әлеуетін арттыру арқылы өңірлік кәсіпкерлікті дамыту және жаңа инновациялық шешімдерді енгізу.

Палата Кеңесінің төрағалығымен құрылған ведомствоаралық мобильді топ облыс аудандарын аралап, кәсіпкер әйелдерге практикалық көмек көрсетті.

Шара барысында стартап жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша әдістемелік сүйемелдеу көрсетіліп, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, жобаларды коммерцияландыру үшін қосалқы қаржыландыру тетіктері таныстырылды.

Қатысушыларға университет базасында нысаналы қаржыландыру бағдарламасы (ПЦФ) аясында теориялық дәрістер, зертханалық тәжірибелер және практикалық сабақтар ұйымдастырылатыны туралы ақпарат берілді.

Бұл бастама кәсіпкер әйелдердің бизнес әлеуетін арттыруға, өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа инновациялық шешімдерді енгізуге ықпал ететіндігі атап өтілді.

коллау111

коллау2222

колдау33333

 

Прочитано 32 раз
Top