11–12 қазан күндері Түркістан облысы, Кентау қаласында жастар және жасөспірімдер арасындағы Каратэ-до Шотоканнан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.Бұл сайысқа еліміздің түкпір-түкпірінен үздік спортшылар қатысып, өзара бақ сынасты.
Дулати университетінің студенттері аталмыш додада жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
- Қобланды Гүлжанат — І орын
- Сметов Сұлтан — І орын
- Сарымсаков Алдияр — І орын
- Мұрат Мадина — ІІ орын
- Нұрланұлы Бауыржан — ІІ орын
Жеңімпаздарды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! Спорттағы табыстарыңыз жалғаса берсін!