Хабарландыру

М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті «Бюджеттік қаражат есебінен ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми жұмыстарды орындау үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу ережесіне» сәйкес 2025 жылдың 30 қыркүйегінен бастап «BR24992867 – Қазақстанның су шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту және басқару үшін ресурс үнемдейтін технологияларды әзірлеу, инновациялық инжирингтік орталық құру» бағдарламасы аясындағы «Су ресурстары» зертханасы бойынша сатып алынатын қызметтерге баға ұсыныстарын (байқау бағаларын) қабылдау жарияланғанын хабарлайды. Қызмет атауы: Жер асты суларының гидрогеологиялық, су ұңғымаларында гидродинамикалық зерттеулерді жүргізуге арналған құрал-жабдықтар кешені бар зерттеу автокөлігін жалға алу. Баға ұсыныстары мен коммерциялық ұсыныстардың (прайс-парақ) қабылдау мерзімі — 2025 жылдың 7 қазанына дейін. Сатып алынатын тауарларға және қызметтерге арналған рәсімделген баға ұсыныстары (байқау бағалары) М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің канцеляриясына мына мекенжай бойынша мөрленген конвертте ұсынылуы тиіс: 080012, Тараз қ., Сүлейманов көшесі, 13 (2-қабат, 203-кабинет), немесе сатып алу комиссиясының хатшысының электрондық поштасына жіберілуі мүмкін: [Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.](mailto:Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.), Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..

Материалдардың, жұмыстар мен қызметтердің техникалық сипаттамасы

Прочитано 18 раз
Top