«Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Университет қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлігіміз жарасқан» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Кездесу мақсаты — еліміздегі этносаралық келісім мен бейбітшілік құндылықтарын насихаттау, түрлі ұлт өкілдері арасындағы татулық пен түсіністікті дәріптеу, сондай-ақ жастардың азаматтық жауапкершілігін, толеранттылық пен өзара құрметке негізделген көзқарасын қалыптастыру.

Дөңгелек үстелге университет студенттері мен профессор - оқытушылар құрамы қатысты. Спикерлер қатарында Жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Дәурен Мамыш, қоғам белсендісі Сабина Жұмабек, белсенді жас маман Асель Тоқпанова болды. Олар өз баяндамаларында ұлтаралық татулықтың маңыздылығы, қоғамдық келісім, тарихи жады және бейбітшіліктің құндылығы жөнінде маңызды ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу еркін пікір алмасу, сұрақ-жауап форматында өтті. Қатысушылар бейбітшілік пен бірліктің қазіргі қоғамдағы маңызы туралы пікір білдіріп, ұлттық келісімді сақтауда жастардың рөлін талқылады.

Кездесу қорытындысында қатысушылар бірлікті сақтау — әр азаматтың борышы екенін атап өтті.

кез1111

кез2222

кез3333

 

Прочитано 22 раз
Top