Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында өткен кикбоксингтен Азия кубогында Дулати университетінің 4-курс студенті Мұса Мерзиев барлық қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, Азия чемпионы атанды.
Бұл жеңіс – спортшының табандылығы мен еңбегінің, жаттықтырушылардың жүйелі дайындығының нәтижесі. Дулати университетінің спортшылары халықаралық ареналарда ел намысын абыроймен қорғап, оқу орнының беделін биіктете түсуде.
Университет ұжымы жеңімпазды шын жүректен құттықтап, барлық спортшы студенттер мен жаттықтырушыларға алғыс білдіреді!