Өзбекстанда өткен кикбоксингтен Әлем кубогы чемпионатында Дулати университеті колледжінің студенті Нұрислам Бекболат алтын жүлдеге ие болды. Ол жоғары деңгейдегі дайындықтың арқасында қарсыластарын сенімді түрде жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілді.
Колледж басшылығы мен оқытушылары Нұрислам Бекболатты жылы ықыласпен қарсы алып, еңбегіне жоғары баға беріп, жылы лебіздерін жеткізді. Жарысқа дайындық барысында қажырлы еңбек еткен жаттықтырушы Сүлейменасыл Есбергенов және жүлдегерімізге алғыс білдіреміз.
Бұл жетістік – жастар спортының дамуына және оқу орданың беделін арттыруға қосылған маңызды үлестердің бірі болмақ!