Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен Әлем кубогында 58 елдің спортшылары өзара бақ сынады. Байрақты бәсекеде Дулати университетінің студенттері еліміздің намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.
Дулати университетінің 1-курс студенттері:
- Мағжан Сейсенбек — 60 кг салмақ дәрежесінде Full бөлімінде 1 орын;
- Мағжан Пернебек — 54 кг салмақ дәрежесінде K1 бөлімінде 1 орын иеленді.
Жас спортшылар еліміздің көк туын көкте желбіретіп, Әнұранымызды әлем аренасында шырқатты.
Университет ұжымы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, жаттықтырушыларға алғыс білдіреді!