«ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» республикалық конкурсының кезеңін өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті оқытушылар!
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын өткізілетін «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» республикалық конкурсының басталғаны туралы хабарлайды.
Конкурстың бірінші кезеңі 2025 жылғы 3 қарашадан 14 қарашаға дейін өткізіледі.
Байқауға құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде 5 жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі және оқытушылық және ғылыми қызметінде жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы (штаттық оқытушылары) қатыса алады.
Байқаудың мақсаты – университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби — педагогикалық мәдениетін, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының деңгейін арттыру және оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына ынталандыруды арттыру арқылы ғылыми әлеуетінің белсенділігін ынталандыру болып табылады.
I кезеңнің нәтижелері бойынша апелляция беру мерзімі - 2025 жылғы 17–19 қараша аралығы.
Конкурстың екінші кезеңі 2025 жылғы 1 желтоқсаннан 12 желтоқсанға дейін өткізіледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі нұсқаулық [universitycontest2025.iac.kz](http://universitycontest2025.iac.kz) сайтында жарияланады.
Аталған сайтта сондай-ақ конкурс туралы ереже мен құжаттар үлгілері орналастырылады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының жеңімпаздары ақшалай ынталандырумен қатар төсбелгіге де ие болады.
Байқау ақпараттық жүйе базасында өтеді, сәйкесінше конкурсқа қатысушылар барлық кезеңнің ашық өтуін бақылай алады.
«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы туралы ереже «Әділет» ҚР нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастырылған (http://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021548).
Барлық оқытушыларды конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз! Сіздің кәсіби еңбегіңіз бен жетістіктеріңіз әділ бағалансын!