АСТАНАДА БІЛІМДІ БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен «Білім беру саласындағы білімді бағалаудың өзекті мәселелері: заманауи әдістер мен интеллектуалды шешімдер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрілігінің басшылығы, «Educational Testing Service» (АҚШ), «AQA» (Ұлыбритания) сынды тестология саласындағы әлемнің жетекші компанияларының басшылары мен өкілдері, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан елдерінің емтихан орталықтарының өкілдері, бағалау технологиялары мен педагогикалық өлшемдер саласындағы отандық ғалымдар мен мамандар қатысты.

Конференция мақсаты – білімді бағалау саласындағы жетекші халықаралық сарапшыларды біріктіріп, озық идеялармен, тәжірибелермен және жетістіктермен алмасу.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конференцияның маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде, конференция білім сапасын бағалау саласындағы идеялар мен тәжірибе алмасуға, ұлттық білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды алаң екенін жеткізді.

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Болатбек Абдрасилов орталықтың негізгі функциялары мен қызмет бағыттары туралы баяндады.

Конференция барысында білім сапасын арттыру, жасанды интеллект пен заманауи технологияларды бағалау жүйесіне енгізу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері кең көлемде талқыланды. Секциялық отырыстар барысында отандық және шетелдік жетекші мамандар өздерінің баяндамалары мен тәжірибелік кейстерін ұсынды.

Конференция соңында қатысушылар білім сапасын бағалаудағы өзекті мәселелер мен даму болашағын талқылап, инновациялық тәсілдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, білім сапасын жетілдірудің басым бағыттарын айқындады.

рек1111

рек2222

рек3333

рек444

 

 
Прочитано 67 раз
Top