М.Х. Дулати еңбектері – түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде «М.Х. Дулатидің еңбектері – түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараны университеттің Ғылым және коммерциаландыру департаментіне қарасты «Дулатитану және өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.

Конференцияның басты мақсаты – ұлы ғалым, тарихшы және мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулати мұрасын зерделеу, оның еңбектерін түркі әлемі мәдениетінің ортақ қазынасы ретінде таныту және жастардың тарихи санасын нығайту болды. Іс-шара Дулати ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Ашылу салтанатында Басқарма Төрағасы - Ректор Мұхтар Қазбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, гүл шоқтарын қойып және М.Х.Дулатидің тарихи мұрасының қазақ халқы мен бүкіл түркі әлемі үшін маңызын атап өтті. Сондай-ақ Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Орынбаев Сейтжан қатысушыларды құттықтап, конференцияның ғылыми және мәдени маңыздылығына тоқталды.

Конференция жұмысына Түркия, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттерінен белгілі тарихшылар, ғалымдар мен сарапшылар мен Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары офлайн және онлайн форматтарда баяндама жасап, М.Х. Дулатидің еңбектерін түркі өркениетінің ортақ мұрасы ретінде талқылады. Баяндамалар барысында ғалымның «Тарих-и Рашиди» еңбегіндегі деректердің түркі халықтарының тарихын зерттеудегі рөлі, оның мәдени және рухани мұрасы, сондай-ақ қазіргі ғылымдағы өзектілігі жан-жақты қарастырылды. І

с-шара соңында конференция қатысушыларына алғыс хаттар табысталды. Бұл ғылыми кездесуді алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіп отыру және М.Х. Дулатидің мұрасын терең зерттеу бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде ниеттерін білдірді.

дулати111

дулати2222

дул333

 

Прочитано 50 раз
Top