ДУЛАТИ СТУДЕНТТЕРІ СПОРТ САЛАСЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

Дулати университеті – сапалы білім ордасы ғана емес, спорт пен салауатты өмір салтын белсенді насихаттайтын оқу орны. Университет қабырғасында ел намысын қорғап жүрген спортшы жастар көптеп тәрбиеленіп келеді. Солардың қатарында – Халықаралық және Республикалық деңгейдегі жарыстарда үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның атын асқақтатып жүрген студенттеріміз бар.

29–31 қазан аралығында Талғар қаласында өткен қол күрестен Қазақстан Республикасының чемпионатында Нұрдаулет Жайлаубай 50 кг салмақ дәрежесінде ерекше нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды. Спортшы жоғары дайындық пен табандылық танытып, барлық көтерілістерді жеке рекордтармен орындады. Бұған дейін Нұрдаулет 2 ақпанда Өзбекстанда өткен Әлем кубогының иегері атанған болатын.

Ал, Адам Хабиев 2019 жылы Қырғыз Республикасында өткен Asia Armwrestling Championship турнирінде 65 кг салмақ дәрежесінде 1-орын иеленді. 2021 жылы Алматы қаласында өткен Азия чемпионатында – 2-орын, 2025 жылы Талғар қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында 65 кг салмақта тағы да 1-орынға ие болды. Барлық көтерілістерді жеке рекордтармен аяқтаған спортшымыз мықты мінезі мен кәсіби шеберлігінің арқасында жүздеген қатысушылардың арасынан озып шықты.

Сонымен қатар, Ерсен Станбек – ересектер арасында ауыр атлетикадан жоғары нәтижелер көрсетіп келе жатқан талантты спортшы.

2020–2025 жылдар аралығындағы жетістіктері:

  • Қазақстан және Азия чемпионаттарында бірнеше дүркін жеңімпаз; Әлем чемпионатының алтын жүлдегері (Стокгольм, Швеция);
  • Әлем кубогының жеңімпазы (Ташкент, Өзбекстан);
  • 2025 жылғы Спартакиада – 2-орын;
  • 2025 жылғы Әлем кубогы (Тбилиси, Грузия) – 3-орын.

Аталған барлық жетістіктер студенттердің табандылығы мен жоғары спорттық шеберлігінің айқын дәлелі.

Жеңімпаздарымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас спортшыларымызға мықты денсаулық, жаңа белестер мен әлемдік аренада еліміздің көк байрағын биікте желбірете берулеріне тілектеспіз!

спорт1111

спрот222

 

 

Прочитано 32 раз
Top