ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕРМЕН БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДА ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТТІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті өңірлік кәсіпкерлермен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық бағыттағы бірлескен жобаларды табысты жүзеге асырып келеді.

Университеттің Ғылым және коммерцияландыру департаментінің Коммерцияландыру бөлімі соңғы уақытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, бөлім «Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның ресми сайтында жалпы құны 59,6 млн теңгені құрайтын 26 жобалық келісімшартты тәуекелдерді басқару жүйесіне сәтті тіркеді. Бұл көрсеткіш жоспардан асыра орындалып, Дулати университеті ғалымдарының ғылыми нәтижелерін нақты өндірістік жобаларға айналдыру бағытындағы жүйелі жұмысының тиімділігін дәлелдейді.

Алдағы уақытта Коммерцияландыру бөлімі жобалар санын көбейтіп, олардың экономикалық тиімділігін арттыру арқылы ғылым мен өндіріс арасындағы өзара байланысты одан әрі нығайтуды жоспарлап отыр.

Прочитано 35 раз
Top