ДУЛАТИ ҒАЛЫМДАРЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

2025 жылдың 5–9 қарашасы аралығында AP 23485390 – “Практикалық философия: әлеуметтік-гуманитарлық пәндерді оқытудағы интегралды білім беру мен дизайн-ойлау тұжырымдамалық метамоделі” атты гранттық қаржыландыру жобасы аясында Дулати университетінің ғалымдары Г.Б. Нұрадин мен Д.Д. Кульбаева іссапармен Павлодар қаласына барып қайтты.

Іссапар барысында олар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жобадағы серіктес ғалымдары Ә.А. Құранбек және Б.М. Аташпен бірге Марғұлан және Торайғыров университеттерінде бірқатар ғылыми және оқу іс-шараларын өткізді.

Сапар аясында Басқарма мүшесі- стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ш. Есимова бекіткен “Оқытудағы метамодель тұжырымдамасы” атты біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы бойынша дәрістер мен коучингтер ұйымдастырылды. Жобаның негізгі бағыты болып табылатын практикалық философия бойынша коучингтер студенттер тарапынан ерекше қызығушылықпен қабылданды.

Практикалық философия — әлемдік деңгейде салыстырмалы түрде жаңа бағыт, ал оның қазақстандық ғылыми ортаға енгізілуі отандық ғылымның инновациялық даму бағытын көрсетеді. Философия дәстүрлі түрде теориялық ғылым болып саналса да, оның қолданбалы қырларын арттыру — қазіргі заман талабы және білім берудегі жаңа көзқарастың айғағы.

Кездесу соңында іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған ұйымдастырушыларға алғыстар айтылды.

фил11111

 

Прочитано 31 раз
Top