ENACTUS Kazakhstan Forum 2025: Дулати командасы — жаңа маусымның көшбасшылары

25-26 қараша Дулати университетінің ENACTUS командасы Алматы қаласында өткен ENACTUS Kazakhstan Business Collaboration Forum 2025 форумына қатысты. Бұл форум Қазақстандағы ENACTUS қозғалысының 30-маусымының ресми ашылуына арналған маңызды шаралардың бірі болды.

Іс-шараға еліміздің 20-дан астам өңірінен келген 230-ға жуық мектеп және студенттік командалар, сондай-ақ бизнес өкілдері, мемлекеттік ұйымдар мен халықаралық серіктестер қатысты. ENACTUS Дулати командасының қатысуы студенттердің жоғары дайындық деңгейін және қоғамға пайдалы жобалар жасауға деген ұмтылысын айқын дәлелдеді. ENACTUS Дулати командасы форумда әлеуметтік кәсіпкерлік, тұрақты даму және цифрлық шешімдер бағыттарындағы жаңа инновациялық жобалармен танысты.

Жобалар экологиялық, әлеуметтік және білім беру салаларындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды. Қатысушылар сарапшылар тарапынан құнды ұсыныстар мен кәсіби кеңестер алды, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықпен жаңа серіктестік мүмкіндіктеріне қол жеткізді. Форум барысында студенттер жасыл технологиялар, цифрлық трансформация және болашақ дағдыларына арналған панельдік пікірталастарға, мастер-класстарға және стратегиялық сессияларға қатысты.

Алынған жаңа білімдер мен орнатылған байланыстар жобаларды одан әрі дамытуға және ENACTUS Kazakhstan 2026 Ұлттық чемпионатына сапалы дайындалуға маңызды негіз болмақ. Дулати Университеті үшін ENACTUS бағдарламасына қатысу - студенттердің көшбасшылық қасиеттерін, кәсіпкерлік ойлау жүйесін және инновациялық мәдениетін дамытудағы маңызды құралдардың бірі. ENACTUS Дулати командасы тұрақты дамуды, жоғары нәтижелерді және әлеуметтік мәселелерді шешудегі белсенді көзқарасты көрсетіп келеді.

ENACTUS Дулати - әрқашан алда! Бұл ұран командамыздың көшбасшы болуға, үздіксіз дамуға және қоғамға нақты пайда әкелетін жобалар жасауға деген ұмтылысын білдіреді.

Прочитано 34 раз
Top