КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Джумурбаев Тимур Ғабдұлұлының қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев, «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, «Әулие Ата» Қазақ этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Айгүл Қабиева, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының бастығы, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова, «Диалог» студенттік ассамблеясының төрайымы, университет студенті Бахар Мамедова және студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – жастар арасында қоғамдық келісім мәдениетін дамыту арқылы азаматтық белсенділікті арттыру. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту.

Модератор әрі Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев алғы сөз алып, басқосудың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде, жастар арасындағы бірлік пен келісімнің маңызды екенін атап, Ассамблея ұйымдарының жас буынмен белсенді жұмыс жасап келе жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, студенттердің азаматтық белсенділігін арттыру, әртүрлі этнос өкілдері арасындағы диалогты дамыту және толеранттылыққа тәрбиелеу мәселелерінің өзектілігін сөз етті. 

Тимур Ғабдұлұлы құттықтау сөз алып, жастар ұйымдарының рөліне тоқталып, бірлестіктің  негізгі бағыттарын таныстырды. Өз сөзінде, республикалық деңгейдегі жобалар мен өңірлік бастамалардың жастардың көшбасшылық қабілетін дамытуға ықпал ететінін айтты.

Кездесу барысында студенттер мен жастар ұйымдарының өкілдері жаңа идеялар ұсынып, жүзеге асыруға болатын бірлескен жобалар жөнінде сөз қозғады. Айгүл Қабиқызы сөз алып, Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының маңызын атап, ардагерлер тәжірибесін бүгінгі жастар тәрбиесінде қолданудың тиімді жолдарын ерекше атап өтті. Ал, Парида Иманжанқызы кафедраның мақсат-міндеттері мен «Диалог» студенттік Ассамблеясымен бірлескен жобаларды таныстырды. Оның ішінде этносаралық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған студенттік іс-шаралар, тренингтер және әлеуметтік жобалар жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар, «Диалог» студенттік ассамблеясының төрайымы Бахар Мамедова ұйымның алдағы жоспарларымен бөлісті. Ол студенттік ортада татулық пен толеранттылық мәдениетін нығайтуға арналған жаңа бастамалар мен жобалар жайлы айтты.

Кездесу соңында студенттер қонақтарға сұрақ қойып,еркін форматта пікір алмасты. Сонымен қатар, барша қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Қонақтар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

келелы11111

келелы2222

келелы3333

кел444

кел555

кел6666

 

Прочитано 14 раз
Top