ЖАТАҚХАНА ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 

2018 жылы  тоғызыншы қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Пико» құрылыс компаниясының серіктестігімен жатақхана құрылысы басталған еді.  Сол жатақхананың  құрылыс барысымен танысу мақсатында өңірімізге Nur Otan партиясы жанындағы  Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбаев  келді. Жатақхана құрысымен университет ректоры Махметғали Сарыбеков таныстырды. Содан кейін Jas Otan жастар қанатының төрағасы Елнұр Бейсенбав  студенттермен кездесіп  биылғы жылғы  жоспарлар мен атқарылатын  іс-шаралар туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, жұмыс сәттерінен басқа өнер, әдебиет және ғылым салаларындағы жан-жақты  тақырыптарда да белсенділермен еркін форматта пікір алмасты.  2018 жылы «Жас Отан» жастар қанатының жаңа стратегиясы қабылданып, қазіргі уақытта сол құжаттың аясында  инновациялық жобалар іске асырылып жатқанын тілге тиек етті.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 2169 раз
Top