Super User
Үшінші тренинг – Италия
2022 жылдың қараша айының 7 мен 18 жұлдыздары аралығында Италияның Падуя қаласында Politecnico Calzaturiero ұйымдастыруымен Эразмус+ REILEAP жобасының үшінші оқу тренингі орын алды. Тренингке Дулати университеті атынан Бекжан Абзалбекұлы, Гульзира Джумабекова, Светлана Бурдеева, Нурболат Ташшабаев, "6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары" білім бағдарламасының 2 курс студенті Дәурен Қуатбек және 1 курс студенті Ердаулет Шілдехан қатысты.
Тренинг кезінде "Production management and process control", "Marketing", "Product Customization: tools for design", "Soft skills in manufacturing environment" тақырыптарында лекциялар оқытылды. Соңында сертификаттар табысталды.
Тренингке қатысушылары үшін «Museo della Calzatura Villa Foscarini Rossi Shoe Museum» аяқ киім тарихы мұражайы мен «Footwear Company HIM.CO» аяқ киім фабрикасына экскурсия ұйымдастырылды.
Третий тренинг проекта REILEAP – Италия
С 7 по 18 ноября 2022 года в Politecnico Calzaturiero (город Падуя, Италия) прошел третий обучающий тренинг по проекту Эразмус+ REILEAP. В тренинге от Университета Дулати приняли участие Бекжан Абзалбекұлы, Гульзира Джумабекова, Светлана Бурдеева, Нурболат Ташшабаев и студенты образовательной программы "6В07222-Инновационные технологии изделий из кожи" Дәурен Қуатбек (2 курс) и Ердаулет Шілдехан (1 курс).
Во время тренинга проводились лекции по темам "Production management and process control", "Marketing", "Product Customization: tools for design", "Soft skills in manufacturing environment". Все участники получили сертификаты.
Участники тренинга посетили музей истории обуви «Museo della Calzatura Villa Foscarini Rossi Shoe Museum». Была организована экскурсия на обувную фабрику “Footwear Company HIM.CO».
Болашақ ұстаздар режиссермен кездесті
Дулати университетінде «Ұстаз» институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы «Жамбыл-Тараз» телеарнасының бас режиссері Дана Смайловамен кездесу ұйымдастырды.
Ақпарат саласының қыр-сырымен танысу мақсатында өткен іс-шарада студенттер Jambyl телеарнасының білікті маманы Дана Смайыловамен емен-жарқын әңгімелесті.
Студенттерге БАҚ-тың қазіргі бағыты туралы айтылды. Ертеңі мен бүгіні сөз болды. Режиссер жастарға экранға жол тартатын ақпараттық өнімдердің қалай дайындалатынын әңгімелеп берді.
Кездесуде студенттер сұрақтар қойып, идея, ұсыныстарымен бөлісті. Әннен шашу шашып, қонақпен «Таңғажайып алаң» ойынын ұйымдастырды.
Сондай-ақ телеарна туралы тарихи хронологиялық фильмнен үзінді көрсетілді. Бұл кездесу жастарға ой салғаны анық.
Ұстаз – оқу-тәрбие процесінің режиссері. Режиссермен әңгімелесу арқылы болашақ ұстаздар қай салада да абыройлы болу үшін адал еңбек ету керек екенін көкейге түйді. Тәжірибе мен біліктілік уақытпен, ізденіспен бірге келетінін түсінді.




МЕРОПРИЯТИЕ, ПОСВЯЩЕННОЕ К 100-ЛЕТИЮ МАНШУК МАМЕТОВОЙ НА ТЕМУ «ҚАЗАҚТЫҢ ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ»
Кафедра «Химия и химическая технология» со студентами 3 курса кафедры» образовательной программы «6В05314-Химия» организовали мероприятие на тему «Қаһарман қызы қазақтың» с целью воспевания светлой жизни и подвига казахской героини Маншук Маметовой в Великой Отечественной войне, воспитания у молодежи чувства патриотизма, любви к Родине, любви к стране, земле.
В ходе проведения мероприятия студенты 3 курса Елемес Жансая и Бегалы Мерей провели обзор новых фактов о детстве Маншука, о подвиге на полях сражений, показали документальный фильм «Сломанная бусина». Еримбетова Салима представила театрализованное представление с отрывками из письма Маншука своей матери на полях сражений. Вниманию публики была представлена еще одна небольшая сценка «Звездный миг Маншука», где роль Генерала Галицкого исполнил Косанов Нурсултан, роль подполковника Баймолдина Досбергенов Нурдаулет.
«ҚАҺАРМАН ҚЫЗЫ ҚАЗАҚТЫҢ» МӘНШҮК МӘМЕТОВАНЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ШАРА
«Химия және химиялық технология» кафедрасының 3 курс 6В05314-Химия білім беру бағдарламсының студенттерінің ұйымдастыруымен аты аңызға айналған, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырған қазақтың батыр қызы Мәншүк Жиенғалиқызы Маметованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлігін ұлықтау, өнеге ету, жастардың патриоттық сезімін ояту, Отан сүйгіштікке, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында «Қаһарман қызы қазақтың» атты шара өткізілді.
Шараның өту барысында 3-курс студенттері Елемес Жансая және Бегалы Мерей Мәншүктің балалық шағы, майдан даласындағы ерлігі туралы тың деректерге шолу жасалып, «Үзілген моншақ» атты деректі фильм көрсетілді.
Ерімбетова Салима Мәншүктің майдан даласында анасына жазған сағыныш хаттарынан үзінділерді театрландырған қойылыммен ұсынды.
Жаңалықтың жаршылары
Бүгін 24 қарашада «Ұстаз» институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен (ПМНО 22-5 академиялық топ студенттері мен кураторы З.Қашқынбаева) «Жамбыл-Тараз» телеарнасының бас режиссері Дана Смайловамен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – қоғамдағы халық пен биліктің арасындағы ақпараттық байланыс орнататын ақпарат майданының сарбаздарының қызметтерімен таныса отырып, жылдам әрі айшықты мәліметтерімен жаңалықтың жаршысы болып жүрген «Жамбыл-Тараз» телеарнасының ойы ұшқыр, қаламы қарымды мамандарының жұмысымен терең танысу. Сонымен қатар, студенттерге ақпараттық баспасөз құралдарының қазіргі кездегі жұмысы туралы жан-жақты білім мен ертеңіне сенім мен салиқалы өнеге беретін сұхбат жүргізу.
Посещение военной кафедры Военным прокурором Южного региона полковником юстиции А. Ж. Байсалбаевым
23 ноября 2022 года Военный прокурор Южного региона полковник юстиции Байсалбаев А.Ж. посетил военную кафедру Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати. Начальник военной кафедры полковник Мукушев С.А. ознакомил его с учебной материальной базой, вооружением и военной техникой.
В заключение своего визита полковник юстиции Байсалбаев А.Ж. сделал запись в книге почетных посетителей и выразил огромную благодарность за большой вклад в развитии военного образования в Казахстане, пожелал дальнейших успехов в воспитании чувства патриотизма у казахстанской молодежи и подготовке офицеров и сержантов запаса для Вооруженных Сил.
Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А. Ж. Байсалбаев әскери кафедраға келуі
2022 жылы 23 қарашада Оңтүстік аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі А.Ж. Байсалбаев М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында болды. Әскери кафедра бастығы полковник С.А. Мұқышев оны әскери кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақпен және әскери техникасымен таныстырды.
Сапарының соңында әділет полковнигі А.Ж. Байсалбаев құрметті қанақтар кітабына жазба жасап, Қазақстандағы әскери білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін зор алғысын білдіріп, Қазақстандық жастарды патриоттыққа тәрбиелеуде және Қарулы Күштер үшін запастағы офицерлерді және запастағы сержанттарды даярлауда одан әрі табыс тіледі.
М. Уркумбаев ескерткішіне гүл шоқтарын қою
2022 жылғы 23 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің "Жастар сарайы" аумағында ғалым Марс Уркумбаевтың туған күніне орай запастағы полковник Қ.Ш. Сағымбаев пен "Болашақ сардар" әскери-патриоттық клубының студенттері ескерткішке гүл шоқтарын қоюға қатысты.
Возложение цветов памятнику М. Уркумбаеву
23 ноября 2022 года в честь дня рождения ученого Марса Уркумбаева полковник запаса Сагимбаев К.Ш. и студенты военно-патриотического клуба «Болашақ сардар» участвовали в возложении цветов памятнику на территории «Жастар сарайы» Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати.
