
Super User
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТІЛ» АШЫҚ ДИАЛОГ
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: тәуелсіздік және тіл» тақырыбында республикалық ашық диалог алаңы өтті.
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай өткізілген жиынға Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің филолог ғалымдары, Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы мен Тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері және Дулати университетінің оқытушы-профессорлық құрамы қатысты. Онлайн және оффлайн форматта өткен жиын барысында студенттер Zoom қосымшасы арқылы білікті мамандарға сұрақтарын қойып, мардымды жауап алды.
Шара барасында тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік тілдің жағдайы талқыланды. Заманауи қазақ тілінің жазба және сөйлеу мәдениетінде пайда болған жаңа тенденциялардың артықшылығы мен кемшін тұстары зерделенді. Жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, оны дамытудың жаңаша тетіктерін табу бойынша бірнеше ұсыныстар тыңдалды.
Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Мамаева онлайн байланысқа шығып, «Қазақ тіл білімінің көкейкесті мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Мөлдір Ахметова «Тәуелсіздік жылдарындағы Жамбыл облысында мемлекеттік тіл саясатын жүргізудің тетіктері» тақырыбында құнды деректермен бөлісті.
– Тәуелсіздік болмаса қазақ тілі бүгінгі дәрежесіне көтеріле алмас еді. Сол себептен тәуелсіздіктің қадір-қасиетіне бүгінгі жас буын жете білуі керек. Біздің мақсат – елдігіміздің ертеңі болатын жастарымызға тура жолды нұсқау, – деді жиынға қатысқан І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс докторанты Әсел Тоқтанова.
Жиын соңында Дулати университеті Филология және журналистика кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Күлзинат Қарымбаева барша қатысушыларға алғысын білдірді.
ДОСТИЖЕНИЯ НЕЗАВИСИМОЙ СТРАНЫ
В этом году исполняется ровно 30 лет со дня независимости нашей страны. Это момент, когда мы размышляем о достижениях и недостатках, объединяем наши мечты и цели, стремительным шагом идем в будущее. Известно, что каждый год уходящего 30-летия несет свою миссию и несет вековой груз, направленный на благо страны. Чтобы ценность независимости навсегда осталась в памяти подрастающего поколения, они должны знать и понимать ее ценность.
С этой целью в Таразском региональном университете им. М.Х. Дулати состоялась встреча со студентами на тему: «Тәуелсіз еліміздің жетістіктері». ХХІ век-эпоха знаний и умений. Поэтому в ходе встречи студентам было разъяснено, что постоянно совершенствуя себя, осваивая новые профессии и непрерывно приспосабливаясь к веяниям времени, они могут повысить свою конкурентоспособность.
Молодежь - это всегда источник новых идей, движущая сила позитивных перемен. Поэтому такие встречи имеют большое значение для эффективного использования такого потенциала подрастающего поколения.
Также обучающиеся смогли понять, что быть независимой страной не ограничивается ее провозглашением и закладыванием фундамента государства, борьба за независимость будет продолжена каждодневным трудом, непрерывной и последовательной политикой страны.
ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Еңселі еліміздің тәуелсіздік таңын атырғанына биыл тура 30 жыл толады. Бұл - жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізе отырып, арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басатын мезет. Артқа тастаған 30 жылдықтың әр жылы өзіндік миссияны атқарып, ел игілігіне бағытталған ғасыр жүгін арқалап тұрғаны белгілі. Тәуелсіздік құндылығы жадына біржола шегеленіп, мәңгі сақталуы үшін өскелең ұрпақ оның қадірін білуі және түсінуі керек.
Осы мақсатта М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде студенттермен «Тәуелсіз еліміздің жетістіктері» атты кездесу өтті. ХХІ ғасыр - білім мен біліктің дәуірі. Сондықтан, кездесу барысында студенттерге өзін үнемі жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелестік қабілетін арттыра алатындары түсіндірілді.
Жастар - қашанда тың идеялардың қайнар көзі, оң өзгерістердің қозғаушы күші. Сондықтан, өскелең ұрпақтың осындай әлеуетін кемел халық болу жолына бағыттап, тиімді пайдалануда осы сынды кездесулердің маңызы зор.
Сондай-ақ, білімгерлер тәуелсіз ел болу, оны жариялаумен және мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейтінін, тәуелсіздік үшін күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасатынын ұғына алды.
«БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ!» КІТАП ОҚУ ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
«Анаға тағзым» орталығының «Інжу-маржан» әдеби үйірмесі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институының бірлесуімен «Бірге талқылайық!» жобасы қолға алынған болатын.
Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасындағы қазақ әдебиетіне, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
Аталған жоба жоспарға сәйкес, айына бір рет жүзеге асады. Іс-шара барысында ортақ шешіммен таңдалған шығарманы талдау, оған қатысты пікір білдіру, кейіпкерлерге сипаттама бере отырып, өмірмен байланыстыру мазмұнындағы пікірлер ортаға салынады.
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ТІЛ
Құрметті Дулати университетінің профессор-оқытушылары, білім алушылар!
Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік тілдің жағдайын талқылау, заманауи қазақ тілінің жазба және сөйлеу мәдениетінде пайда болған жаңа тенденциялардың артықшылығы мен кемшін тұстарын зерделеу, жинақталған оң тәжірибені пайдалана отырып, оны дамытудың жаңаша тетіктерін табу, мемлекеттік тілді оқытудың өзекті мәселелерін талдау мақсатында «Рухани жаңғыру: тәуелсіздік және тіл» тақырыбындағы ашық диалог өтеді. Іс-шараға Нұр-сұлтан мен Алматы қалаларындағы оқу орындарының ғалымдары қатысады.
Тіл туралы өзіндік ойыңызды ашық айтқыңыз келсе, біздің іс-шараға қатысыңыз.
«ПУТИ ПРОФИЛАКТИКИ ПРОЯВЛЕНИЙ РЕЛИГИОЗНОГО ЭКСТРЕМИЗМА СРЕДИ СТУДЕНЧЕСКОЙ МОЛОДЕЖИ»
03-ноября 2021 года кураторами 1-курса кафедры «Техническая физика» факультета «Информационные технологии, автоматика и телекоммуникации» Т.К. Касеновой и Ж.А. Сылкимовой был проведен кураторский час через платформу ZOOM на тему «Пути профилактики проявлений религиозного экстремизма среди студенческой молодежи». На данное мероприятие в качестве религиоведа был приглашен главный специалист Центра религиоведения Б.К. Алпысбаев, который рассказал студентам 1 курса специальности «Физика» об актуальности духовного воспитания и модернизации национальных ценностей молодежи в обществе против радикальной религиозной идеологии. Кроме того, всем студентам было разъяснено, что выполнение правил внутреннего распорядка университета, кодекса чести и кодекса этики на основе сохранения межконфессиональных и межнациональных отношений является общей задачей. Присутствующие студенты-25.
«СТУДЕНТ ЖАСТАР АРАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ КӨРІНІСТЕРІН АЛДЫН-АЛУ ЖОЛДАРЫ»
2021 жылдың 03-қарашада «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетіне қарасты «Техникалық физика» кафедрасының 1-курс кураторлары Т.Қ. Қасенова және Ж.А. Сылкимованың ұйымдастыруымен «Студент жастар арасында діни экстремизм көріністерін алдын-алу жолдары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы кураторлық сағаты өтілді. Бұл іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, «Физика» мамандығының 1-курс студенттеріне қоғамдағы радикалдық діни идеологияға қарсы жастардың бойында рухани тәрбиені және ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың өзектілігі туралы айтылды. Сонымен қатар, конфессияаралық және ұлтаралық қатынасты сақтау негізінде университеттің ішкі тәртіп Ережесін, студенттерге арналған Ар-намыс кодексін және Этика кодексін орындау барлық студенттерге ортақ міндет екені түсіндірілді. Қатысқан студенттер саны – 25.
М.Х. ДУЛАТИ - ВЫДАЮЩИЙСЯ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ДЕЯТЕЛЬ
В университете Дулати проходит неделя «Ұлы баба мұрасын насихаттайық». В рамках недели был организован круглый стол «М.Х. Дулати - выдающийся государственный деятель» с участием студентов 1-3 курсов кафедры филологии и журналистики.
В мероприятии приняли участие декан факультета Мамырханова Жамиля, сотрудники научного центра «Дулатитану» и музея.
БҮГІН УНИВЕРСИТЕТІМІЗГЕ М.Х. ДУЛАТИДЫҢ АТЫ БЕРІЛГЕН КҮН.
Дулати университетінде «Ұлы баба мұрасын насихаттайық» апталығы өтуде. Апталық аясында филология және журналистика кафедрасының 1-3 курс студенттерінің қатысуымен "М.Х.Дулати көрнекті мемлекет қайраткері" дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Іс-шараға факультет деканы Мамырханова Жәмиля, "Дулатитану" ғылыми-зерттеу орталығы, музей қызметкерлері қатысты.