Super User

Super User

Дүйсенбі, 03 Тамыз 2020 04:53

СТУДЕНТТІК ТЕЛЕСТУДИЯ

12

 

ДАУЛЕТ АЙГУЛ

Бастық

8 702 914 5574

13

 ҚАРАБЕКОВ ЛАСКЕР

Маман

 

 

  

МҰХТАРҰЛЫ ЕЛНҰР

оператор

 

ШЫМКЕНТ ҚАЛИЖАН 

оператор

9

 

СӘМЕНҚЫЗЫ ҰЛПАН

Жетекші

8 707 106 70 78

9

ШЫМБЕКОВА НАҒИМА 

Маман

8 707 458 66 03

10

 

КОПБОСЫНОВА ДИАНА

Маман

8 707 458 66 03

Дүйсенбі, 03 Тамыз 2020 04:49

"УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ" ГАЗЕТІ

Газет шығарылымдары

6

ӘБСӘТ ГҮЛБАҚЫТ

Редактор

8 707 559 66 18

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

8

САЙЛАУХАН МЕРУЕРТ

тілші

8 747 915 04 36

 10

 АКИШЕВА ГҮЛНАЗ

Дизайнер

8 702 404 90 10

Дүйсенбі, 03 Тамыз 2020 04:47

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

2

БАТЫРБЕК БАҒЛАН

Баспасөз-хатшысы

43-15-32

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Lyazzat

 ҚАЛАҚБАСОВА ЛЯЗЗАТ

тілші

8 707 492 2815

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

4

МАКАРОВА ОЛЬГА

тілші

8 777 168 82 88

oly19762110@mail.ru

 

САТОВ БЕЙБІТ

web-дизайнер

8 702 633 18 98

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

2020 жылдың 20 шілдесінде әскери кафедрада оқитын студенттер үшін оқу жиыны басталды. Коронавирус пандемиясына байланысты оқу жиынының теориялық бөлігі қашықтықтан, ал практикалық бөлімі (оқу атыстары, көлік жүргізу) оқу полигонында және әскери бөлімдерде жүргізілетін болады.

Оқытушылар онлайн-режимде қауіпсіздік шаралары мен сабақтарды өткізу тәртібі бойынша сабақтар өткізді.

Сәрсенбі, 08 Шілде 2020 10:08

Сапа менеджмент жүйесі

 
 
 

 

 

 

Сәрсенбі, 08 Шілде 2020 09:47

Система менеджмента качества

 
 
 

 

 

 

Жұма, 26 Маусым 2020 14:40

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА

28-маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні. Осыған орай сала қызметкерлері мен белсенді студенттерді құттықтау мақсатында арнайы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Алғы сөзбен жиынды ашқан Ақпарат және медиакоммуникация орталығының директоры Гүлмира Амалбекова орталықтың атқарған жұмыстарына тоқталды. Орталық құрамындағы медиа-қызмет, Халықаралық танымалдылық және рейтинг секторы, «Университет тынысы» газеті мен студенттік телестудияның жемісті еңбегі мен жетістіктерін айтып берді.

Келесі сөз кезегін алған университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы орталық қызметкерлері мен болашақ журналистерді мерекелерімен құттықтап, сала мамандарын Құрмет грамоталарымен марапаттады. Сондай-ақ, Студенттік телестудия «Үздік репортаж», «Үздік сұхбат» және «Үздік ақпарат» номинациялары бойынша байқау жариялаған болатын. Мерекелік кездесуде жеңімпаздар,  жыл бойы белсенділік танытып, студия жұмысына атсалысқан студенттер және Жастар комитетінің белсенділері бір айлық шәкірақымен марапатталды. 

Құттықтау мен қолпаштау, толғаныс пен толқу болған кездесудің келесі сәті жыр жинақтың тұсаукесеріне арналды. Талапты әрі талантты жастарды қолдап, қанаттандыру мақсатында жас ақындардың «Жас жүрек жырлайды» жыр жинағы жарық көрген болатын. Жинаққа Журналистика және Филология мамандығы бойынша оқитын студенттердің өлеңдері енген. Іс-шарада Гүлмира Ержанқызы барша студент атынан аталмыш жинақты Махметғали Нұрғалиұлына тарту етті.

Мерекелік кездесу соғында жас ақындар өлеңдерін оқыды.

Медиа-қызмет

Жұма, 26 Маусым 2020 14:32

КІЛ МЫҚТЫЛАР КЕЗДЕСТІ

Бүгін М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қабырғасында облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының өңір спортшыларымен кездесуі өтті.

Жиынға ел спортын дамытуға елеулі үлес қосып жүрген спортшылар, спорт саласының қызметкерлері қатысты. Сала мамандары бас қосқан кездесуде өңір спортының жетістіктері айтылып, жеңіс жолын жалғастыру жайы да сөз болды.

2 6

Кіл мықтылар бас қосқан жиында сөз бастаған өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлы спорттың маңыздылығы туралы сөз қозғады:  – Еліміздің атын әлемге танытуда спорттың үлесі зор. Киелі Әулие-ата жерінен шыққан спортшыларымыз аз емес. Олимпиада чемпиондары бастаған жолды жаңа толқын  жалғастырып келеді. Бұл ең алдымен еңбек пен бапкерлердің арқасы,- деді. Өңір басшысы өз сөзін спортты дамыту мақсатында жасалып жатқан жұмыстармен сабақтады: – Бүгінгі күні облысымызда спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 32 % құрайды. Бұл көрсеткішті әлі де көтеру керек. Спорттық нысандардың материалдық-техникалық базасын нығайтуда нақты жұмыстар атқаруымыз керек. 13 нысан мен 90-ға жуық спорт алаңдары салынып жатыр. Мұз айдынын, теннис кортын салу жоспарда бар. Аудан орталықтарында жабық спорт кешендері болу керек. Сонда ғана, спортпен айналысатын бұқараның саны артады,- деп алдағы атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, Олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері Жақсылық Үшкемпіровтің жеңіс туын желбіреткеніне биыл 40 жыл толып отыр. Осыған орай қыркүйек айында турнир өткізу туралы ойын да ортаға салды.

5 2

Жиында Жақсылық Үшкемпіров, Зульфия Габидулина, Бейбіт Ыстыбаев, Бақтияр Артаев, Елдос Сметов сөз алып, кездесуді ұйымдастырған әкімге алғыс білдірді. Спортшылар орайлы сәтті пайдаланып шешімін таппаған мәселелерін де ортаға салып, талап-тілектерін білдірді.

DSC 0003

4 3

Жастардың спортқа қызығушылығы мектеп қабырғасынан басталып, жоғары оқу орнында жалғасын табатыны шындық. Өңірдегі іргелі оқу орны Тараз өңірлік университеті спорт саңлақтарын тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Өз кезегінде университет ректоры Махметғали Нұрғалиұлы университетте студенттік спортты дамыту туралы ой қозғады. Облысымыздың атын әлемге әйгілі етіп жүрген спортшылардың 70 %  университетіміздің түлегі екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, ректор өз сөзінде спортшыларды қолдауда, спортты дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

 

Кездесу соңыңда Бердібек Мәшбекұлы университеттің спортшы студенттерді қолдауда атқарып жатқан жұмыстарына жоғары баға берді. Сондай-ақ, кездесу барысында спортшылардың айтқан ұсыныстары қарастырылатынын жеткізді.

Медиа-қызмет

368 бет. Барлығы: 454
Top