
Super User
Мақсат 1: Кедейлікті оның барлық нысандарында жаппай жою

Мақсат 1: Кедейлікті оның барлық нысандарында жаппай жою
Тапсырмалар:
- 2030 жылға дейін бүкіл әлемдегі барша адамзат үшін кедейлікті жою (қазіргі таңда ақырғы кедейлік күніне 1.25 АҚШ долларымен күн көру ретінде анықталады).
- 2030 жылға дейін ұлттық анықтамаларға сәйкес кедейліктің барлық көріністерінде өмір сүріп жатқан еркектер, әйелдер және барлық жастағы балалардың үлесінің кем дегенде жартысын азайту.
- Барлығына арналған тиісті әлеуметтік қорғау жүйелері мен шараларын ең төменгі деңгейлерді белгілеуді қоса есептеп енгізу және 2030 жылға дейін халықтың кедей әрі осал жігін анағұрлым кең қамту.
- 2030 жылға дейін барлық еркектер мен әйелдерді, әсіресе табысы аз және осалдарын экономикалық ресурстарға бірдей құқықпен, сондай-ақ негізді қызметтерге, жерді және меншіктік басқа да нысандарын иеленуге және басқаруға, мұраға қалатын мүлікке, шағын қаржыландыруды қоса есептегенде жаңа технологиялар мен қаржы қызметтеріне сәйкес табиғи ресурстарға бірдей қолжетімділікпен қамту.
- 2030 жылға дейін жағдайы осал тұлғалардың өмір сүру қабілеттіліктерін көтеру және олардың климат өзгерісі салдарынан болған төтенше құбылыстар және басқа да экономикалық, әлеуметтік және экологиялық күйзелістер мен апаттар алдындағы қорғансыздықтарын азайту.
- Атап айтқанда даму мақсатында ынтымақтастықты іске қосу негізінде, дамушы елдерге, әсіресе ең аз дамыған елдерге барлық нысандардағы кедейлікті жою бойынша бағдарламалар мен стратегияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті және болжалды құралдарды ұсыну үшін әртүрлі көздерден маңызды ресурстардың жұмылдырылуын қамтамасыз ету.
- Ұлттық, аумақтық және халықаралық деңгейлерде кедейлікті жою бойынша іс-шараларға қарқынды үлес қосуға көмектесу үшін, негізінде кедейлік мүдделерін және гендерлік аспектілерді ескеретін даму стратегиялары жатқан сенімді стратегиялық механизмдерді құру.
БОСАҒАН БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРТЫНДЫСЫ ШЫҚТЫ.
Құрметті білім алушылар!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2025 жылдың 1 сәуірдегі № 152 бұйрығының негізінде 2024-2025 оқу жылының қысқы емтихан сессия қорытындысы бойынша босатылған бос орындарына білім беру гранттарына байқауының қорытынды нәтижесі шыққанын хабарлаймыз.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 26) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу орынан кейінгі білімге ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларының 17, 18 тармақшасына сәйкес жоғары білім алу үдерісі барысында босаған білім беру гранттары білім беру бағдарламасы бойынша ақылы негізде білім алушылар арасында байқауы жүргізіліп, босатылған бос орындарына білім беру гранты тағайындалды.
Назар аударыңыздар! Грант иегерлерінің назарларына!
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 11 тамыздағы № 403 бұйрығына сәйкес:
Заңның 26-бабының 8-тармағының 3) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарында, ветеринария саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде, ветеринария ұйымдарында, аграрлық бейіндегі ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.
Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары тізбесі "Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 ақпандағы № 83 қаулысында айқындалған қоныс аударуға арналған өңірлерде ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде екі жыл жұмыс істейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды (бұдан әрі - ДССҒҰ) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл тиісінше білім беру ұйымдарында және денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде басқа мамандықтар бойынша білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін кемінде үш жыл меншік нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыспен өтейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша доктор бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл мемлекеттік органдарда немесе ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.
Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары оқуды аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ЖЖОКБҰ-да немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтейді.
Сатып алынатын құралдар тізімі
Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құралдар мен жабдықтар тізімі (құжатты жүктеу)
Гранттық қаржыландыру шеңберінде сатып алынатын құралдар мен жабдықтар тізімі
Жас ғалымдар конкурсы шеңберінде сатып алынатын құралдар мен жабдықтар тізімі
«Жас Ғалым» шеңберінде сатып алынатын құралдар мен жабдықтар тізімі
Перечень приобретаемых приборов
Перечень приобретаемых приборов и оборудовании в рамках програмно-целевого финансирования (ПЦФ) (скачать документ)
Перечень приобретаемых приборов и оборудовании в рамках грантового финансирования (ГФ)
Перечень приобретаемых приборов и оборудовании в рамках конкурса для молодых ученых (КМУ)
Перечень приобретаемых приборов и оборудовании в рамках «Жас Ғалым»
Scientific programs
BASIC INFORMATION ABOUT THE PROGRAM BEING IMPLEMENTED
INTERIM REPORT 2024 (download file)
MEETINGS
PUBLISHED ARTICLES WITHIN THE FRAMEWORK OF THE PROGRAM
Научные программы
BASIC INFORMATION ABOUT THE PROGRAM BEING IMPLEMENTED
INTERIM REPORT 2024 (download file)
MEETINGS
PUBLISHED ARTICLES WITHIN THE FRAMEWORK OF THE PROGRAM
Ғылыми бағдарламалар
БАҒДАРЛАМА ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ АҚПАРАТ
АРАЛЫҚ ЕСЕП-2024
ЖИНАЛЫСТАР
БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР
Оқу үрдісіндегі үздік инновациялық әдістер
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2021 жыл
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2020 жыл
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ПОҚ үздік инновациялық (әдістемелік методикалар, интерактивті әдістер) өнімдері 2019 жыл