БОЛАШАҚ МАМАННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДАҒЫ СТУДЕНТТІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ РӨЛІ

2021 жылдың 12 ақпан күні технологиялық факультет, «Химия және химиялық технология» кафедрасында т.ғ.к., доцент Р.Б.Жарлыкапованың ұйымдастыруымен Елбасының "Рухани жаңғыру"бағдарламасын жүзеге асыру аясында профессор-оқытушылар құрамы мен білімгерлер арасында «Болашақ маманның бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы студенттің ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі» тақырыбында онлайн конференция-тренинг болып өтті.

Елбасы өзінің "Рухани жаңғыру" мақаласында болашаққа сенімді көпір салу жөніндегі іс-қимыл бағдарламасын ұсынады. Ұлт көшбасшысы бұл бағыттағы алғашқы қадамды қазақстандық қоғамның қоғамдық санасын жаңғыртудан көреді. Отанға деген сүйіспеншілік, халық дәстүрлеріне адалдық, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білу, қоғамдағы бірлік пен келісімді ұстану, еліміздің батыр адамдары туралы білім – бұл патриоттық іс – шаралардың негізі.

Қазіргі заманғы талаптар жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеулердің өнімділігі мен ұйымдастырушылық деңгейін арттыруды талап етеді. Ғылымсыз әлеуметтік-экономикалық прогресс мүмкін емес. Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде білім мен ғылымның өзара байланысы күшті экономикалық өсудің, оның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың қозғаушы күші болып табылады.

Ғылыми-зерттеу жұмысы шеңберіндегі білім, дағдылар болашақ мамандарды даярлаудың іргелі тасы болып табылады және жеке тұлғаны дамытуда маңызды орын алады. Конференция барысында студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін құрайтын жұмыс түрлері:дәріс, семинар, практикалық және зертханалық сабақтар, ғылыми баяндама, дипломдық жұмыс, эксперимент, үйірме жұмыстары кең талқыға түсті.

Ғылыми-зерттеу қызметі студенттің кәсіби қабілеттерін дамытып, кәсіби дайындық кезінде алған дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді, ең бастысы – жұмыс берушінің оған қойылатын талаптарға сай болуына және бәсекеге қабілетті және еңбек нарығында сұранысқа ие болуына септігін тигізері сөзсіз.

 

 

"Химия және химиялық технология" кафедрасының оқытушысы

Г.Б. Мадимарова

Top