«МАМАНДЫҒЫҢ - БОЛАШАҒЫҢ» ТАҚЫРЫБЫНДА МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2021 жылдың 25 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы С.А.Мамешованың ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысы бойынша «Мамандығың - болашағың» тақырыбында мектеп бітіруші түлектермен онлайн кездесу болып өтті. Кездесудің арнайы қонақтары : «Маркетинг және талапкерлерді рекруттеу бөлімі» қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нүрпеисов Мұхаметжан Кенжетайұлы, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Б.Қ.Масалимова, профессор-оқытушылар құрамы, Тараз қаласының №39 мектеп гимназиясының, Меркі ауданы №5 Ақарал ЖОББ мектеп гимназиясының, №44 ЖОББМ, №23 Тескентоған орта мектебінің, Талас ауданы С.Шакиров  ауылы Ш. Смаханұлы атындағы орта мектебінің оқушылары.

Алғаш болып сөзді «Маркетинг және талапкерлерді рекруттеу бөлімі» қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нүрпеисов Мұхаметжан Кенжетайұлы бастап, биылғы талапкерлерді 2021 ҰБТ-дің жаңа талаптары және өту кезеңдерімен толық таныстырып шықты. Түлектер тарапынан білім беру бағдарламалары, сұранысқа ие мамандықтар және жұмысқа орналасу бойынша бірқатар маңызды сұрақтар қойылды. «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Б.Қ.Масалимова өз кезегінде, барлық талапкерлерге студенттер өміріне қанық болуға және шын мәнінде жанға жақын мамандық таңдауға тілек білдіріп, сәттілік тіледі.

Жиын соңында жиналған қонақтарға «Химия және химиялық технология» кафедрасының тыныс-тіршілігі айқындалған «6В05314-Химия» және «6В07115-Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламалары туралы бейнебаяндар ұсынылып, жұртшылықтың қызығушылығын тудырды. «Мың мамандық-бәрі бар, таңдап, талған бірін ал!»-демекші, болашақ студенттерге өмірдің үлкен жолында өз жолдарын табуға тілектеспіз.

Г.Б.Мадимарова

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының оқытушысы

Top