Естеріңізге сала кетсек, магистрлік жұмыс ағынды суларды тазалау үшін қолданылатын тиімді адсорбенттерді құруға арналған. Бұл еліміздегі және жаһандық су тапшылығы мен оны тазарту мәселелерін шешудегі маңызы зор ғылыми-зерттеу жұмысы екені сөзсіз. Дулати университеті мен IPB арасындағы қосдипломды білім беру бағдарламасының жетекшілері профессор Helder Teixeira Gomes, профессор Бакытгуль Кабыкеновна Масалимова бағдарламаның ары қарай да жалғасын тауып, ғылымға құштар жастардың еңбектері молая түсетініне сенім білдірді.
Г.Б.Мадимарова
«Химия және химиялық технология»
кафедрасының оқытушысы