БІЛІМДІ ҰРПАҚ - БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ!

Дулати университеті, технологиялық факультеті, «Химия және химиялық технология» кафедрасының жас зерттеушілері әрдайым ізденіс үстінде, білімге құштар жандар. Бұған дәлел, жақында еліміздің қара шаңырағы атанған Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен «Химия» (бакалавриат) бағытындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша республикалық конкурсында, кафедраның 4 курс студенті Сапи Аружан Қанатқызы ғылыми жетекшісі, х.ғ.к., ассоцирленген профессор Б.К.Масалимованың жетекшілігімен «С1-СЗ көмiрсутек фракцияларының пайдалы өнiмдерге дейiн трансформациялануына табиғи сазбалшық негiзiндегi катализаторларды синтездеу» тақырыбындағы ғылыми-зерттеу жұмысы  үшін ҚР БҒМ 2-дәрежелі дипломымен марапатталды. Білімді ұрпақ - болашақтың кепілі! Ғылым саласына қосқан елеулі үлестері болған жеңістерімен жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Г.Б.Мадимарова

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының оқытушысы

Top