Салтанатты шара еліміздің әнұранынан бастау тауып, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі Б.Қ. Масалимованың қатысушыларға арналған құттықтау сөзімен жалғасын тапты. Ол өз сөзінде Ата Заңының мәні мен маңызы туралы, адамның құқықтары мен бостандығының, ар-ожданы мен адамдық қадір-қасиетінің қорғалуының кепілі екендігін айтып, білім күнімен шын жүректен құттықтай отырып, жаңа оқу жылына жаңа шығармашылық табыстар тіледі. Сонымен қатар, топ студенттері мерекелік шара барысында Конституцияның қалыптасу тарихы туралы «Тәуелсіздігімнің тірегі – Ата Заң» тақырыбында баяндама жасап, меркелік тақырыпқа сәйкес өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар назарына «Айбары асқақ Ата заң» тақырыбында ұйымдастырылған бейне материал мен презентация ұсынылды.
«Химия және химиялық технология» кафедрасының оқытушысы,
химия магистрі Мамешова Саят Әлішеріқызы