АДАМИ РЕСУРСТАРДЫҢ ДАМУЫ - ЕЛ БОЛАШАҒЫН ОЙЛАУ

Елімізде адам ресурстарын басқару мәселесінің маңыздылығын дәлелдеу және  оны ары қарай жетілдіруді, дамыту жолдарын іздестіру және еңбек нарығын дамыту бойынша нақты ұсыныстар жасау мақсатында «Адами ресурстардың дамуы-Ел болашағын ойлау»  тақырыбында 21.09.2021ж. Технологиялық факультетінің «Тамақ  өндірісі  және биотехнология»  кафедрасында факультет деңгейінде В18-БТЕ-1тобының 4 курс студенттерімен  дөңгелек стол өткізілді.

Студенттер адам ресурстарын басқару- бұл белгілі бір саясат, кәсіпорындағы адам потенциалының өсуіне бағытталған, стратегиялық мақсаттарға жету үшін іскерлікті жүргізу және ұйымдастыру, кәсіпорынның жалпы стратегиясына қызметкерлерді басқаруды енгізгенде жоғарғы экономикалық жетістіктерге жету,  деп ұғатындары жөнінде  ой білдірді.

 

Факультет деканы Әнуарбек Талқаұлы қоғамның  басты байлығы - адами ресурстар, яғни адам екенін,  қай  мемлекет өзінің  еліндегі  адами ресурстардың дамуына ықпал етіп, қоғамның әлеуметтік  жағдайын  жасаса,  сол мемлекет дамып, өркендейтінін айтып кетті.  Ал, сол мемлекеттің болашағы - мына сіздер, білімді жастар, болашақ мамандардың қолында!,- деді.

Адам ресурстарын дамыту, басқару және жүзеге асыруға қатысты «Адам ресурстары» санатын және мәселелерін талдау,  тұрақты даму шартында ерекше өзектілікке ие.

Технологиялық факультет, «Тамақ өндірісі және биотехнология»
кафедрасының аға оқытушы,
В18 БТЕ-1 тобының кураторы С. М. Ергалиева

Top