КЕЗЕКТІ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

2021 жылдың 21 қазанында М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті технологиялық факультеті «Химия және химиялық технология» кафедрасында кезекті оқу-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру бойынша ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Ғылыми - әдістемелік семинарға   кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар және докторанттар қатысты.

Семинарда т.ғ.к., доцент м.а. Сейтбекова Гүлназия Аташбековна «Пандемия жағдайында ЖОО білім беру жүйесіндегі цифрлық сауаттылық мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Ғылыми-әдістемелік семинардың мақсаты - пандемия жағдайында ЖОО білім беру жүйесіндегі цифрлық сауаттылық мәселелерінің негізгі көрсеткіштерімен таныса отырып оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін арттыруда өзара тəжірибе алмаса отырып жас оқытушылардың кəсіби құзыреттіліктерін дамыту болып табылады.

Баяндамада цифрландыру технологиясында цифрлық сауаттылық, пандемия жағдайындағы білім беру үдерістеріндегі негізгі кезеңдер, ғылым саласындағы және білім беру үдерісіндегі қол жеткізген жетістіктер туралы ақпараттар қамтылған.      

«Химия және химиялық технология»
кафедрасының аға оқытушысы химия магистрі
Мамешова Саят Әлішеріқызы

Top