ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ - БІЛІМДІ ҰРПАҚ

Технология факультетінің «Қолданбалы биология» кафедрасында «Зәр шығару жүйесінің анатомиясы және морфологиясы» атты ашық зертханалық сабақ өтті

«Қолданбалы биология» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Жақсыбаева Сәуле Достайқызы 14 қазан айында 2021жылы «Зәр шығару жүйесінің анатомиясы және морфологиясы» атты тақырыбында ашық зертханалық сабақ өтті.

Сабақтың мақсаты: Зәр шығару жүйесіндегі мүшелердің топографиясын, қойдың бүйрегін қолдана отырып сыртқы және ішкі анатомиялық құрылысын  зерттеп, электронды микроскоп арқылы (әр бағыттағы кескінге салып танысу) бүйректің ұлпаларын көру.

 

Сабақ барысында бүйректің шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келетінін байқадық. Ішкі артерия ,жүйке кіретін, вена, сарысу тамырлары  зәрағар түтігі шығатын жағын зерттедік. Бүйректі  екіге қақ жарып қарағанда оның ішкі қойнаудан және оны айналдыра қоршап жатқан бүйрек затынан тұратынын көрдік.

Бүйрек заты екі бөліктен тұратынын көрдік: қыртыс заты және милы (жұмсақ) заты.

Қыртыс зат қызыл қоңыр түсті қалыңдығы 4 мм болады екен. Бүйректің құрылымдық бірлігі-нефрондар осы қыртыс затты құрайды екен. Нефрон капилляр тамырлары және Шумлянский –Боумен капсуласынан түзілген екен. Жұмсақ зат сүйір пішінді бүйрек пирамидаларынан түзілген екен. Пирамидалардың түбі бүйректің беткі жағында, ұштары бүйрек қуысына бағытталған екен. Екі немесе бірнеше пирамиданың ұштары бірігіп емізіктер құрайды екен. Кіші тостағаншалар әрқайсысына 2-3 емізік тесіктері ашылатын құрылымдар екен. 2-3 кіші тостағаншалардың бірігуінен үлкен тостағаншалар түзіледі екен. 2-3 үлкен  тостағаншалардың бірігуінен үлкен астаушалар түзіледі екен.

 

Бүйректің микроскопиялық  құрылысын зерттеп болып, нефронның суретін салдық. “Бүйректің құрылысы мен жұмысы” деген видеофильмді көрдік.

Сабақты қорытындылай келе білімгерлердің жаңа тақырыпты түсінгенін тексеру үшін кроссворд бойынша анықтадық.

Ашық сабақ барысында білімгерлер бар ынтасымен, қызығушылығымен ат салысты, белсенділігін көрсетті.

Аға оқытушы, магистр Жақсыбаева С.Д.

Top