ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР МАГИСТРАНТТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТАДЫ

Технологиялық факультеттің "Қолданбалы биология" кафедрасында "Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау" пәні бойынша "Жалпы биология" мамандығының 1 курс магистранттарында ашық практикалық сабақ өткізілді.

PhD доктор, "Қолданбалы биология" кафедрасының доцент м.а. Момбаева Бекзат Кунсалиевна 2021 жылдың 2 қарашасында "ҒЗЖ ұйымдастыру. Ғылыми бағыт, ғылыми тақырып, ғылыми мәселелер" тақырыбында ашық практикалық сабақ өткізілді.

Аудиториялық практикалық сабақтар магистранттың ғылыми жетекшімен бірлесе отырып ғылыми-зерттеу жұмыстарын шешуде теориялық білімдерін шыңдауда, дамытуда маңызды рөл атқарады. Егер дәріс кезінде білім алушы ғылыми білімнің негізін жалпылама түрде алса, практикалық сабақтар осы білімді тереңдетуге, кеңейтуге және кәсіби қызмет дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Практикалық сабақтар магистранттардың ғылыми ойын дамытады.

Магистрант үшін өзекті тақырыпты, сондай-ақ ғылыми бағытты дұрыс таңдау, ғылыми-зерттеу жұмысын дұрыс ұйымдастыру маңызды рөл атқарады.

Сондықтан ғылыми зерттеудің нәтижелі өтуі үшін оны белгілі бір ретпен ұйымдастыру, жоспарлау және орындау қажет. Бұл жоспарлар мен әрекеттер тізбегі ғылыми зерттеудің түріне, объектісіне және мақсаттарына байланысты. Сондай-ақ тақырыпты тұжырымдау; зерттеу объектісі мен зерттеудің мақсаты, міндеттерін айқындау, негізгі ұғымдарды түсіндіру, зерттеу әдістерін дұрыс таңдаи білу – зерттеу жұмысының нәтижелі көрінісі болып табылады. Зерттеуші жұмыстың логикалық кезектілігін құра білуі керек, ол өз кезегінде белгіленген мерзімде мақсатқа жетудің және ғылыми мәселені шешудің негізгі көзі.

Дайындалған материал презентация түрінде көрсетілді, сондай-ақ магистрант Жорабек Ғалияның бекітілген магистрлік тақырыбы "Табиғи фитожақтардың құрамын анықтау және олардың репарациялық қорын зертте» бойынша баяндамасы ұсынылды. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі б. ғ. к., доцент Зияева Г.К., ИТ бойынша менеджер б. ғ. к., доцент Байтелиева А.М., сонымен қатар «Қолданбалы биология» кафедрасының ПОҚ мүшелері қатысты.

PhD доктор, "Қолданбалы биология" кафедрасының доценті Момбаева Бекзат Күнсалиқызы

1

2

Top