ҒАЛЫМДАРМЕН КЕЗДЕСУ

2021 жылдың 5-ші қарашасы күні М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Технологиялық факультетінің «Химия және химиялық технология» кафедрасындағы Т. М. Мұхаметқалиев атындағы физика-химиялық зерттеу орталығында АҚШ-тан келген ғалым,  PhD доктор, профессор-зерттеуші, Роберта Догерти  атындағы  азық-түлікке арналған су институтына қарасты Небраска су орталығының профессоры және табиғи ресурстар мектебінің директоры Дэниел Сноу, Назарбаев университетінің доценті, PhD доктор,  профессор – зерттеуші Джанай Сагинмен кездесу өтті.

WhatsApp Image 2021 11 05 at 12.36.45 1

Кездесуге университеттің Басқарма Мүшесі - Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы, факультет деканы э.ғ.д., профессор Әймен Әнуарбек Талқаұлы, кафедра меңгерушісі х.ғ.к., профессор Масалимова Бақытгүл Қабыкенқызы және кафедраның докторанттары мен профессор оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында Даниэл Сноу және  Джанай Сагин кездесуге келген қатысушылармен өзінің тәжірибелері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ жас ғалымдар тарапынан берілген сұрақтарға жауап беріп, ой бөлісті. Одан кейін қонақтарға физика-химиялық зерттеу орталығының жұмыс барысы таныстырылып, кездесу соңында қонақтармен естелікке суретке түсірілді.

Бұл кездесу қатысушылардың назарын тың ақпараттармен толықтырып, жаңаша серпінмен ғылыми көзқарастарын тереңдете түсті.

«Химия және химиялық технология» кафедрасының аға оқытушысы, химия магистрі Мамешова Саят Әлішеріқызы

Top