Ақпараттық қоғамды дамыту білім берудің жаңа жүйесін, оның мақсаттары мен мазмұнын жаңартуды, оқытуға қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды енгізуді талап етеді.
Инновациялық педагогикалық технология-бұл практикада дәйекті түрде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық іс-әрекеттің жобасы, оның негізгі көрсеткіші қалыптасқан дәстүрлер мен жаппай практикамен салыстырғанда прогрессивті бастама болып табылады.
Магистранттар практикалық сабаққа үлкен қызығушылықпен белсене қатысты. Сабақ барысында «Қолданбалы биология» кафедрасының кеппешөп коллекциясы зерттелінді. Кеппешөп коллекциясын кафедрамыздың бітіруші түлегі, қазіргі уақытта магистрант Жорабек Ғалия «Өсімдіктер систематикасы» пәні бойынша дала практикасы кезінде Қаратау тау жотасының Күйік шатқалынан жеке жинаған.
Магистранттар К. Раункиер әдісі бойынша Жамбыл облысы флорасынындағы өсімдіктерін келесі бес тіршілік формалары бойынша анықтады: фанерофиттер – өсімдіктердің қайта көктеуге арналған бүршіктері жердің бетінен биікте орналасады, мысалы, Juglans regia, Haloxylin aphyllum, Ephedra equisetina; хамефиттер – өсімдіктердің қайта көктеуге арналған бүршіктері төмен орналасады, жердің бетінен 20-30 см-ден биік емес және көбінесе қыста қар астында қалатындар, мысалы, Rubus idaeus, Urtica dioica; гемикриптофиттер – бүршіктері жер бетінің деңгейімен бірдей орналасатын көпжылдық шөптесін өсімдіктер, мысалы, Iris graminea; криптофиттер-бүршіктері жердің астында орналасады, мысалы, Tulipa greigii, Allium Caesium; терофиттер – біржылдық өсімдіктер, жылдың қолайсыз мерзімін тұқым күйінде басынан өткізеді, мысалы, Glaucium corniculatum және басқа да өсімдіктері.
Университеттің білім беру процесінде инновация білім беру технологияларын қолданудың сәттілігі көбінесе оларды жүзеге асыру жағдайларына байланысты екенін атап өткен жөн : оқу орнының ерекшеліктері, оқытушының дайындығы, материалдық-техникалық база, негізгі құзыреттер.
«Қолданбалы биология»
кафедрасының доценті
А.М. Байтелиева